Accessibility links

Жарысқан тәжік шенеуніктерінің балалары жол апатына ұшырады


Амонулло Хукумов, Тәжікстан мемлекеттік теміржол компаниясының бастығы.
Амонулло Хукумов, Тәжікстан мемлекеттік теміржол компаниясының бастығы.
Тәжікстан астанасы Душанбеде жоғары шенді шенеуніктердің балалары қатысқан көлік жарысында үш адам қаза тауып, үш адам жараланды деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік қызметі.

Душанбе қалалық жол полициясындағы дерек көздері 9 қазанға қараған түні қала орталығында "қымбат көлік мінген, лауазымды шенеуніктердің балалары қайғылы жол апатына ұшырағанын" айтады.

Тәжік ақпарат құралдары Тәжік мемлекеттік теміржол компаниясы бастығы Амонулло Хукумовтың немересі, 21 жастағы Асрор Хукумов жол апатына қатысты тергеуге алынғанын жазады.

Амонулло Хукумов - президент Эмомали Рахмонның туысы.
XS
SM
MD
LG