Accessibility links

Иракта өлімге кесілген 42 адам жазаланды


Дар ағашы. (Көрнекі сурет).

Дар ағашы. (Көрнекі сурет).

Ирак әділет министрлігінің мәліметінше, елде соңғы бірнеше күнде 42 адам (біреуі әйел) "терроризм" айыбы бойынша өлім жазасына тартылған.

Ирак үкіметі жазаланғандар туралы ақпаратты Дүниежүзілік өлім жазасына қарсы коалиция ұйымдастырған Өлім жазасымен күрес күні жариялады.

Иракта өлім жазасына кесілгендер әдетте дарға асылады. Халықаралық қауымдастық бұған бірнеше рет қарсылық білдіріп, құқық қорғау ұйымдары Ирактағы сот процестерінің әділдігіне күмән келтірген.

Биыл Иракта барлығы 132 адам өлім жазасына келісіп, үкім орындалған.

Дүниежүзілік өлім жазасына қарсы коалицияның дерегі бойынша, Ирак 2012 жылы өлім жазасына тартылған адамның көптігі жөнінен Қытай мен Ираннан кейін тұр.
XS
SM
MD
LG