Accessibility links

Меккедегі тексеру


Меккеге кіретін жолдарға ондаған бақылау бекетін қойып, қала полициясы қажылыққа келгендерді тексеріп жатыр. Биыл қажылыққа екі миллиондай мұсылман келген. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 95 мыңдай полицей жұмылған. Бұған дейінгі қажылықтар кезінде қонақүйден өрт шыққан, жұрт көп жиналған жерлерде кісі өлген, меймандар полициямен қақтығысқан оқиғалар болған еді. Сауд Арабиясының ішкі істер министрі Мохаммед бин Наиф 9 қазан күні қажылыққа келген адамдарды «өз аймақтарындағы саяси дауларын Меккеде қозғамауға» шақырды.

XS
SM
MD
LG