Accessibility links

НАТО Ауғанстанда 2014 жылдың соңына дейін қалады


Ауғанстандағы НАТО әскері. Көрнекі сурет.

Ауғанстандағы НАТО әскері. Көрнекі сурет.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі НАТО әскерінің Ауғанстанда қалу мерзімін 2014 жылдың соңына дейін созуды бірауыздан қолдады.

Қауіпсіздік кеңесі 10 қазанда қабылдаған қарарда "Ауғанстандағы ахуал халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке әлі де қатер төндіріп тұрғаны" айтылған. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ауған үкіметін коррупциямен күреске, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырған.

АҚШ пен оның одақтастары 2014 жылдың соңына дейін Ауғанстаннан әскерін шығарып, қауіпсіздікті сақтау міндетін ауғандық күштерге тапсыруды жоспарлап отыр.

Ауғанстанда қазір НАТО бастаған халықаралық күштердің 87 мыңға тарта әскері бар. Оның 60 мыңға жуығы - АҚШ әскері.
XS
SM
MD
LG