Accessibility links

Қытай 2015 жылы екі мың кенішті жабады


Құтқарушылар шахтадан тірі қалған жұмысшыны алып шықты. Қытай, 30 тамыз 2011 жыл.
Құтқарушылар шахтадан тірі қалған жұмысшыны алып шықты. Қытай, 30 тамыз 2011 жыл.
13 қазанда Қытай екі мың ұсақ көмір шахталарын жабатынын мәлімдеді. Бұл шара 2015 жылдың соңына дейін атқарылуы тиіс. Қытай мұны өлім-жітімі көп өндіріс орындарындағы қауіпсіздік стандарттарын жақсарту үшін істемек.

Қытай үкіметінің ақпараты бойынша, өндіріс көлемі жылына 90 мың тоннадан аспайтын, қауіпсіздік шаралары жасалмайтын шахталар жабылады. Бұл шахталардан шығатын көмірдің сапасы нашар, әрі бұларда кісі өлімі көп.

Қытай кеніштердегі кісі өлімінен әлем бойынша бірінші орынға шығып отыр. "Синьхуа" агенттігі таратқан ресми мәлімдеге қарағанда, 2012 жылы көмір шахталарындағы апаттан 1 мың 384 адам өлген. Олардың үштен екісі шағын шахталарды жұмыс істеген.
XS
SM
MD
LG