Accessibility links

ДБ: АҚШ экономикасы қауіпті межеге таяды


Барак Обама Федералдық қаржы қорының төрайымы болып тағайындалған Джанет Йелленді тыңдап тұр. Вашингтон, 9 қазан 2013 жыл.

Барак Обама Федералдық қаржы қорының төрайымы болып тағайындалған Джанет Йелленді тыңдап тұр. Вашингтон, 9 қазан 2013 жыл.

Дүниежүзілік банк (ДБ) басшысы "АҚШ экономикасының саяси дағдарыс кесірінен қауіпті межеге таяп қалғанын" ескертті.

АҚШ президенті мен заң шығарушы орган - Конгресс арасындағы бюджет пен мемлекеттік қарыз мәселесі бойынша туындаған саяси дағдарыс әлі шешілген жоқ. Мәселен, Конгресс АҚШ-тың қарызын 16 триллион 700 миллиардтан асыруға қарсы болып отыр.

ДБ басшысы Джим Ким "АҚШ конгресі қарыз алу шегін 16 триллион 700 миллиардтан асырмаса, Америка мен басқа да елдер қаржы дағдарысына ұрынып, экономикалық өсім баяулайды" деп мәлімдеді.

Ким бұл сөздерін ДБ мен Халықаралық валюта қоры өкілдерінің жыл сайынғы кездесуінде айтқан.

АҚШ қаржы министрлігі мемлекеттік қарызды 17 қазанға дейін қазіргі қолда бар қаржымен қайтаруға тырысатынын хабарлады.

Бұл мәлімдеме "Вашингтон қарыздары бойынша дефолт жариялап, бұл әлемдік қаржы нарығына ауыр соққы болып тиеді" деген болжамдардың жасалуына себеп болып отыр.
XS
SM
MD
LG