Accessibility links

Қажылық кезінде вирус қаупі күшейді


Сауд Арабиясы шенеуніктері вирус жұқтырған адаммен сөйлесіп тұр. 2013 жылдың мамыры. (Көрнекі сурет)

Сауд Арабиясы шенеуніктері вирус жұқтырған адаммен сөйлесіп тұр. 2013 жылдың мамыры. (Көрнекі сурет)

13 қазан күні Сауд Арабиясында, Мекке қаласында қажылық өтеу ғұрыптары басталды. Алайда араб елдерінде адам өліміне соқтыратын MERS-CoV вирусы қаупі күшейіп тұр.

Қазір қажылық парызын өтеуге барған адамдар Меккеден Мина жазығына қарай жүріп барады. Мина жазығына барған соң адамдар сол жерге түнеп, дүйсенбі күні Арафат тауына барады.

Таяу Шығыста MERS-CoV вирусы ең көп тараған ел Сауд Арабиясы болып отыр. Одан өлген 60 адамның 51-і - осы елдің тұрғындары. Қажыға барған адамдар вирусты өз елдеріне жаяды деген қауіп бар.

Қажылық қарсаңында, қыркүйек айының аяғында Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі де азаматтарын Таяу Шығыста тараған қауіпті вирусқа байланысты Сауд Арабиясына бармай тұра тұруға шақырған еді. Қазақстаннан билі төрт мыңнан астам адам қажылыққа кетті.

Бұл вирустан 2003 жылы Азиядда бірнеше жүз адам қайтыс болған еді. Оның кесірінен пневмонияның ерекше түрі асқынады. Сауд Арабиясы қажылық кезінде індеттің тарауына тосқауыл қою үшін қомақты қаржы бөліп, медициналық ресурстарды жұмылдырып отыр.
XS
SM
MD
LG