Accessibility links

Иран Ауғанстаннан су сұрады


Ирандағы көл. (Көрнекі сурет)
Ирандағы көл. (Көрнекі сурет)
Иран депутаты Ауғанстанды аймақтағы көлдерді сақтап қалу үшін суды көбірек жіберуді сұрады.

Иранның Tasnim ақпарат агенттігі депутат Камаледдин Пирмоаззеннің "Иранның оңтүстік-шығысындағы Хамун көлінің тартылып бара жатқаны, Ауғанстанның су жіберуге уәде еткені" туралы сөздерін берген.

Иран парламентінің экология комитетінің мүшесі Пирмоаззен "көлдің құрғап бара жатқанына он жылдан асқанын, Ауғанстан тауларынан Иранға ағатын өзендерге бөгеттер салынғаннан бері проблеманың одан сайын ұлғайғанын" айтады.

Соның бірі Гильменд өзенінің бойына да бөгет салынған.

Хамун көлі Иранның Систан-Белуджистан шөлейт аймағында орналасқан. Ауғанстан мен Иран шекаралық өзендерді бірігіп пайдалану туралы 1973 жылы келісім жасасқан еді.
XS
SM
MD
LG