Accessibility links

Иракта жарылыстан 12 адам өлді


Ирак қалаларының біріндегі жарылыс. 2 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Ирак қалаларының біріндегі жарылыс. 2 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Ирактың Самарра қаласының базары маңында жарылғыш зат толтырылған көлік жарылып, кем дегенде 12 адам қаза тапты.

Жарылыс 12 қазан күні болған. Базарға бұл күні Құрбан айт кезінде соятын мал іздеп көп адам келген.

Жергілікті полиция 30-дан астам адамның жараланғанын хабарлады. Әзірге жарылысты ешқандай топ мойнына алған жоқ.

Иракта сәуір айынан бері, Хавиджа қаласында наразылық акциясына шыққан сүнниттерді қуып таратқаннан кейін мұндай бірнеше жарылыс болды. Бұл терактілерден жүздеген адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG