Accessibility links

Дүниежүзілік банк АҚШ қаржы жағдайына алаңдады


АҚШ сенатындағы демократтар өкілі Гарри Рид (алдыңғы қатарда) партияның басқа мүшелерімен бірге Капитолий ғимаратының алдында тұр. Вашингтон, 9 қазан 2013 жыл.

АҚШ сенатындағы демократтар өкілі Гарри Рид (алдыңғы қатарда) партияның басқа мүшелерімен бірге Капитолий ғимаратының алдында тұр. Вашингтон, 9 қазан 2013 жыл.

13 қазан күні АҚШ сенаты сессия өткізіп, үкімет ұсынған қарыз көлемін ұлғайту, үкімет дефолтын болдырмау мәселесін талқылады.

Сенаттағы демократтар басшысы Гарри Рид сенбі күні мәмілеге келмей отырған республикашылардың басшысы Митч Макконнелмен кеңесті. Рид келіссөздердің "шынайы өткенін, бірақ нақты ештеңе келісілмегенін" айтты.

Алдағы аптаның бейсенбісінде қарыз көлемін ұлғайту мерзімі бітеді, егер оған дейін келісе алмай отырған екі тарап - демократиялық және республикашыл партия мәмілеге келе алмаса, үкімет дефолт жариялайды.

Дүниежүзілік банк басшысы Джим Ким "екі тарап келісімге келе алмаса, АҚШ экономикасының қауіпті кезеңге аяқ басатынын" мәлімдеді.

Оның айтуынша, "АҚШ конгресі қарыз алу шегін 16 триллион 700 миллиард доллардан асырмаса, АҚШ пен басқа да елдер қаржы дағдарысына ұрынып, экономикалық өсім баяулайды".

- Өте қауіпті межеге бес күн қалды. Мен АҚШ саясаткерлерін келісімге келуге шақырамын. Қауіпті межеге таяған сайын бұл дағдарыстың дамушы елдерге зияны ұлғая береді. Өйткені АҚШ экспортының 50 пайызын дамушы елдерден алады, - деп мәлімдеді Джим Ким.
XS
SM
MD
LG