Accessibility links

Иран уран қорын елден шығарудан бас тартты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

13 қазан күні Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи "Иран уран қорын елден шығаруға келіспейді, бірақ ядролық қару бағдарламасының басқа аспектілеріне қатысты талаптар бойынша мәмілеге келуі мүмкін" деді.

Аракчи мемлекеттік БАҚ өкілдеріне "Біз уранды байытудың тәсілдері мен көлемі туралы келіссөздер жүргізе аламыз, ал оны елден шығаруға келіспейміз" деген.

Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Иран атынан ядролық келіссөздер жүргізетін уәкіл болып тағайындалған. Келіссөздерге Ираннан басқа, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Ресей және Германия өкілдері қатысып келеді.

Аббас Аракчи "ЕО сыртқы істер өкілі Кэтрин Эштонмен келіссөз жүргізетін Иран делегациясын басқаратынын" айтты.
XS
SM
MD
LG