Accessibility links

Экономика саласындағы Нобель иегерлері анықталды


Нобель сыйлығының медалі.

Нобель сыйлығының медалі.

Нобель сыйлығының экономика саласы бойынша тағайындалған жүлдесінің 2013 жылғы иегерлері анықталды. Швеция корольдік ғылым академиясының хабарлауынша, бұл сыйлық АҚШ-та жұмыс істейтін үш ғалымға - Ларс Питер Хансен, Юджин Фама және Роберт Шиллерге берілген.

Биыл бейбітшілік саласы бойынша тағайындалған Нобель сыйлығы халықаралық Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымға (Organization for the Prohibition of Chemical Weapons) берілген.

Химия ғылымы саласы бойынша Нобель сыйлығының 2013 жылғы иегерлері - Мартин Карплюс (АҚШ пен Австрия азаматы), Майкл Левитт (АҚШ пен Ұлыбритания азаматы) және Арье Уоршелл (АҚШ пен Израиль азаматы).

Бұл сыйлықтың медицина саласы бойынша биылғы жеңімпаздары - америкалық ғалымдар Джеймс Ротман мен Рэнди Шекман және германиялық Томас Зюдхоф.
XS
SM
MD
LG