Accessibility links

Филиппинде жер сілкінісінен 20 адам мерт болды


Филиппин аралдары. Көрнекі сурет.
Филиппин аралдары. Көрнекі сурет.
Филиппинде бүгін таңертең магнитудасы 7,2 баллды құрайтын жер сілкінісі болып, 20 адам қаза тапқан.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, елдің орталық бөлігінде болған зілзаладан 33 адам зардап шеккен. Зілзаладан кейін цунами қаупі жоқ деп хабарланды.

Тынық мұхитының тектоникалық тұрақсыз аймағында орналасқан Филиппин аралдарында жер сілкінісі жиі болып тұрады. Кейде күшті жер сілкінісінің цунамиге ұласатын кездері де болады.
XS
SM
MD
LG