Accessibility links

Карзайдың жақын серігі қастандықтан өлді


Арсала Жамал, Ауғанстанның Логар уәлаятының губернаторы.
Арсала Жамал, Ауғанстанның Логар уәлаятының губернаторы.
Ауғанстанның шығысындағы Логар уәлаятының басшысы бомба жарылысынан қаза тапты.

Азаттықтың Ауған қызметінің хабарлауынша, уәлаят губернаторы, 47 жастағы Арсала Жамал бүгін Пул Алам қаласында мешітте құрбан айт мейрамына орай сөз сөйлеп тұрған кезде бомба жарылып, қаза тапқан.

Губернатор өкілі Дин Мохаммад Дервиштің айтуынша, бомба микрофонға жасырылған. Кейбір ақпараттарға қарағанда, жарылысты жанкешті жасаған.

Уәлаят полициясының басшысы Раис Хан Аббул Рахимзайдың айтуынша, жарылыстан 15 адам жараланған. Олардың бесеуі ауыр халде жатыр.

Арсала Жамал президент Хамид Карзайдың ең сенімді, жақын серігі ретінде саналады. Ол 2009 жылы Карзайдың президенттікке сайлау кампаниясын басқарған.

Арсала Жамалға бұған дейін де бірнеше рет қастандық жасалып, аман қалған еді.

Оның қазасына қатысты жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.
XS
SM
MD
LG