Accessibility links

Әзербайжанда билік сыншысына рақымшылық жасалды


Фархад Әлиев (сол жақта) пен Рафих Әлиев.

Фархад Әлиев (сол жақта) пен Рафих Әлиев.

Әзербайжан билігін сынаушы, бұрынғы экономика министрі Фархад Әлиев пен оның ағасы Рафих Әлиев рақымшылықпен түрмеден босатылды. Президент Ильхам Әлиев 14 қазанда мұсылмандардың Құрбан айт мерекесіне орай 152 тұтқынға рақымшылық жариялаған еді.

Ағайынды Әлиевтер 2005 жылы тұтқындалып, кейін сыбайлас жемқорлық пен коррупцияға қатысы бар, алаяқтық және мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыптармен бірі - 10, екіншісі - 9 жылға сотталған еді.

Құқық қорғаушылар Әзербайжан билігін үкіметті сынайтындарды қудалап, қолдан жасалған қылмыстық іспен соттап жібереді деп айыптаған.

Оппозиция белсенділері мен құқық қорғаушылар рақымшылыққа "саяси себептермен сотталған" өзге де тұтқындар ілінбей қалғанына наразы.
XS
SM
MD
LG