Accessibility links

Женевада Иран мен АҚШ өкілдері кездесті


Сыртқы саясат жөніндегі ЕО комиссары Кэтрин Эштон (сол жақта) мен Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф. Женева, 15 қазан 2013 жыл.

Сыртқы саясат жөніндегі ЕО комиссары Кэтрин Эштон (сол жақта) мен Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф. Женева, 15 қазан 2013 жыл.

АҚШ мемлекеттік департаменті Женевада Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер аясында Тегеран мен Вашингтонның жоғары шенді өкілдері қатысқан кездесу болғанын хабарлады. Америкалық дипломаттар бір сағатқа созылған кездесуді "пайдалы өтті" деп бағалаған.

Кездесуге АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерман мен Иран сыртқы істер вице-министрі Аббас Аракчи қатысқан.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер 15 қазан күні Женевада басталған. Кездесу алдында Еуропа Одағының (ЕО) өкілдері Иранның келіссөздерге "жаңа, пайдалы ұсыныстармен келгенін" хабарлаған.

Келіссөздерге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия өкілдері қатысып отыр. Келіссөздерді жүргізуші - ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон.
XS
SM
MD
LG