Accessibility links

Ислам Каримовтың әйелінің туысы ұсталды


Ислам Каримов, Өзбекстан президенті.
Ислам Каримов, Өзбекстан президенті.
"Өзбекстанда президент Ислам Каримовтың әйелі Татьяна Каримованың жиені, бір кездері Ферғана облысындағы бизнеске қожалық жасаған Акбарали Абдуллаев тұтқындалды" деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі.

Ферғана прокуратурасындағы дереккөздердің хабарлауынша, Татьяна Каримованың туған әпкесі Тамара Сабированың ұлы Акбарали Абдуллаев 10 қазан күні тұтқындалған. Оны тұтқындауға санкция "жоғары жақтан берілген".

Қазір Акбарали Абдуллаев Ташкенттегі тергеу изоляторларының бірінде қамауда отыр. Оның үстінен "салықтан жалтарды", "пара алды" және "заңсыз мүлік иемденді" деген айыптар тағылған.

2012 жыл Ферғана облысында Абдуллаев басқарған топтың 40-тан астам өкілі ұсталған еді.
XS
SM
MD
LG