Accessibility links

Министр: ОАР Қазақстаннан кешірім сұрады


Ерлан Ыдырысов, сыртқы істер министрі.

Ерлан Ыдырысов, сыртқы істер министрі.

"Оңтүстік Африка республикасының (ОАР) үкіметі осы елде қазақстандық дипломаттардың тоналғаны үшін кешірім сұрады" деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов парламенттегі үкімет сағаты кезінде.

Бұған дейін кейбір ақпарат құралдары қазанның 9-ы күні кешке ОАР-дегі Йоханнесбург халықаралық әуежайынан Преторияға бара жатқан, Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай бастаған бірнеше дипломат мінген көлікті қарулы адамдар мәжбүрлеп тоқтатып, бағалы заттарын тартып әкеткені туралы хабарлаған. Қайрат Сарыбай бастаған делегация ОАР-ға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл желтоқсан айына жоспарланған сапарына дайындық шаруасымен барғаны айтылған.

Министрі Ыдырысовтың сөзінше, тонауға қатысы бар күдіктілер ұсталмаған.
XS
SM
MD
LG