Accessibility links

Навальныйдың соты


2013 жылы 18 маусымда сот Алексей Навальныйды бес жылға, оның серігі Петр Офицеровті төрт жылға соттап, миллион рубль айыппұл кескен. Оларға «Кировлес» мемлекеттік компаниясынан 16 миллион рубль ұрлады» деген айып тағылған. Айыпталушылар сол күні сот залында тұтқындалып, келесі күні прокуратура өтінішімен ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып, босап шыққан. Бүгін сот Навальный мен Офицеровтің апелляциялық шағымын қарап, үкімді шартты жазаға өзгертті. Навальный «істің саяси астары бар» деп санайды. Ол 8 қыркүйек күні Мәскеу мэрі сайлауына --> http://www.azattyq.org/content/russia_navalny_changed_the_policy_in_russia/25102203.html түсіп, жеңіліп қалған еді. Навальный 27,24 пайыз --> http://www.azattyq.org/content/news/25099778.html дауыс алған.

XS
SM
MD
LG