Accessibility links

СІМ: НАТО әскері Қазақстан арқылы шығып жатыр


Кабулден кетіп бара жатқан француз әскері. Ауғанстан, қараша, 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Кабулден кетіп бара жатқан француз әскері. Ауғанстан, қараша, 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

НАТО-ның АҚШ-тан өзге елдері Ауғанстаннан әскері мен әскери техникасын Қазақстан арқылы шығара бастады деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрі (СІМ) Ерлан Ыдырысов .

"Қазір Ауғанстаннан коалиция әскері шығарыла бастады. Қазақстан - Ресей және аймақтағы өзге де елдер сияқты транзиттік мемлекет. Коалицияның АҚШ-тан өзге Франция және басқа да мүше елдері әскерін шығара бастады" деді министр Ыдырысов.

Оның айтуынша, әскер мен техника Ауғанстаннан оңтүстік және солтүстік бағыттар бойынша шығарылып жатыр.

"Солтүстік бағыт Қазақстан территориясы арқылы өтеді. Қазақстаннан әскер негізінен әуе жолдары арқылы, ал әскери техника құрлықтық жолдармен тасымалданады" дейді сыртқы істер министрі.

Ауғанстаннан халықаралық коалиция әскері 2014 жылдың соңына дейін шығарылып, ондағы қауіпсіздікті сақтау міндеті ауған күштеріне тапсырылмақ.
XS
SM
MD
LG