Accessibility links

АҚШ конгресі бюджет туралы заң жобасын мақұлдады


АҚШ сенатындағы демократтар жетекшісі Гарри Рид бюджет жобасына қатысты келісім жасалғанын хабарлап тұр. Вашинтон, 16 қазан 2013 жыл.
АҚШ сенатындағы демократтар жетекшісі Гарри Рид бюджет жобасына қатысты келісім жасалғанын хабарлап тұр. Вашинтон, 16 қазан 2013 жыл.
АҚШ сенатындағы демократиялық және республикашыл партиялардың жетекшілері елдің қарыз алу шегін ұлғайту және дефолтқа жол бермеу туралы келісімге келгендерін хабарлады. Елдің уақытша бюджетіне қатысты заң жобасын республикашыл партия мүшелері басым өкілдер палатасы мен демократиялық партия көпшілік орынға ие сенат мақұлдады. Заң жобасы бойынша 1 қазаннан бері жұмысын тоқтатқан бірқатар үкіметтік мекемелер қызметін қайта жалғастырады.

Сенаттағы демократтар жетекшісі Гарри Ридтің айтуынша, АҚШ үкіметі 15 қаңтарға дейін қаржыландырыла тұрмақ. Ал қарыз алу шегі келесі жылдың 7 ақпанына дейін ұзартылады.

Кейбір сенаторлардың айтуына қарағанда, құжатта азаматтардың медицина саласы туралы жаңа заң аясында субсидия сұрап, алаяқтық жасауының алдын алу қарастырылған.

Елдің уақытша бюджетіне қатысты заң жобасын конгрестегі өкілдер палатасы мен сенат мақұлдады. Енді құжат ел президенті Барак Обаманың қол қоюына жіберілмек.
XS
SM
MD
LG