Accessibility links

Мәскеуде әзербайжан азаматы қаза тапты


Егор Щербаковты өлтірді деген күдікпен ұсталған Орхан Зейналов. Мәскеу, 15 қазан 2013 жыл.
Егор Щербаковты өлтірді деген күдікпен ұсталған Орхан Зейналов. Мәскеу, 15 қазан 2013 жыл.
Мәскеудің Измайлово ауданында 16 қазанда пышақтан алған жарақаттан қаза тапқан әзербайжан азаматының денесі табылды. Бұл - соңғы күндері Мәскеудегі наразылықтар басталғалы бері өлтірілген екінші шетел азаматы. 15 қазанда Бирюлево ауданында Өзбекстанның 51 жастағы азаматының пышақталған мәйіті табылған.

Өткен жексенбіде Мәскеудің Бирюлево ауданында жүздеген адам мигранттарға қарсы наразылық шерулеріне шыққан. Наразылық танытушылар полициямен қақтығысып, мигранттар жұмыс істейтін көкөніс қоймасын қиратпақ болған.

Тұрғындардың жаппай шеруге шығуына Егор Щербаков есімді жергілікті тұрғынның кісі қолынан қаза табуы себеп болған. Полицейлер оның өліміне күдікті ретінде әзербайжандық Орхан Зейналовты қамауға алған.

Бирюлево аудандық соты көкөніс қоймасының жұмысын 90 күнге тоқтатты. Қойма басшылығы үстінен "заңсыз миграция ұйымдастырды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Қойма басшысы Алиасхаб Гаджиевке іздеу жарияланды.
XS
SM
MD
LG