Accessibility links

WF: Қазақстанда 44 мың адам құлдыққа салынған


"2013 жылғы әлемдегі құлдық индексі" баяндамасы картасындағы Қазақстан. (Globalslaveryindex.org сайтынан алынған скриншот). 17 қазан 2013 жыл.
"2013 жылғы әлемдегі құлдық индексі" баяндамасы картасындағы Қазақстан. (Globalslaveryindex.org сайтынан алынған скриншот). 17 қазан 2013 жыл.
Қазақстанда 44 мыңға жуық адам құлдыққа салынған деді австралиялық Walk Free (WF) құқық қорғау ұйымы 2013 жылғы әлемдегі құлдық индексі туралы есебінде.

Ұйым дерегінше, қазір әлемде 30 миллионға тарта адам құлдыққа түскен. Құлдық әлемнің 162 елінде бар. Ұйым мамандары "ол азаматтар негізінен жыныстық қызмет көрсету, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен үй шаруашылығы саласында жұмысқа салынады" дейді.

Walk Free-дің есебінше, әлемде құлдыққа түскендердің жартысына жуығы - 14 миллионға тарта адам Үндістанның үлесінде. Қытайда - 2 миллион 900 мың, Пәкістанда 2 миллионнан аса адам құлдыққа түскен.

Ұйым Ресейде - 516 мың, Украинада - 120 мың, Өзбекстанда - 180 мың, Қырғызстанда 17 мың адам құлдыққа түскенін айтады.
XS
SM
MD
LG