Accessibility links

Сот "Ашық алаң" газеті шағымын қанағаттандырмады


"Ашық алаң" газеті. 5 қыркүйек 2013 жыл.
"Ашық алаң" газеті. 5 қыркүйек 2013 жыл.
Алматы қалалық соты "Ашық алаң" газеті редакциясының әкімшілік сот шешіміне қатысты шағымын қанағаттандырмады.

23 қыркүйекте әкімшілік сот газетті "жариялану мерзімін бұзды" деп айыптап, үш ай мерзімге жабуға шешім шығарған еді. Сот оған қоса басылым иесі Әсем Әлмұхаметқызына 100 айлық есептік көрсеткіш (173 мың теңге көлемінде) айыппұл салған.

Газет биыл 10 шілдеден 21 тамызға дейін демалысқа кеткенін, редакция оны оқырмандарына ескерткенін айтады. Басылым қызметкері Инга Иманбайдың сөзінше, редакция қаржылық мәселелерге байланысты демалысқа шыққан.

Алматы қалалық ішкі істер басқармасы газеттің шықпай қалуын бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды бұзу деп тауып, сотқа жүгінген.
XS
SM
MD
LG