Accessibility links

Хайыров айыптың бірін ғана мойындады


Терроризмге қатысты айыпталған Саян Хайыров. Алматы, 16 қазан 2013 жыл.
Терроризмге қатысты айыпталған Саян Хайыров. Алматы, 16 қазан 2013 жыл.
Алматыда Іле Алатауы ұлттық паркінде 2012 жылы болған жаппай кісі өліміне күдікті, "террористік ұйым жұмысына қатысты" деп айыпталған Саян Хайыровтың ісі бойынша алғашқы сот тыңдауы басталды.

Сотқа қатысып отырған Азаттық тілшісінің хабарлауынша, прокурор Саян Хайыровқа "террористік топ құрып, оның қызметіне араласты", "адам ұрлады", "заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрі сақтады", "жарылғыш заттар дайындады" және "мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті" деген айыптар таққан.

Бірақ Саян Хайыров тек "мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткенін" ғана мойындап, қалған айыптарды мойындаудан бас тартқан.

Бірақ Хайыровқа жаппай кісі өліміне қатысты айып тағылған жоқ. Хайыровтың адвокаты Жандос Бұлхайырдың айтуынша, паркте жаппай кісі өлімі болған кезде айыпталушы Қазақстанда болмаған.

2012 жылы тамыз айының ортасында Алматы маңындағы ұлттық парк аумағынан 11 адамның мәйіті табылған еді. Олардың арасында парктің қорықшысы да болған. Бір адам сол оқиғадан соң із-түзсіз кетті.

Кісі өліміне күдікті деп былтыр қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының тумасы Саян Хайыров пен Жамбыл облысынан шыққан Зауырбек Ботабаевқа іздеу жарияланған. Саян Хайыров 2013 жылы мамырда Бішкекте ұсталып, Қазақстанға қайтарылған.
XS
SM
MD
LG