Accessibility links

Парижде мигрант депортациясына қарсы акция өтті


Оқушылар мен студенттер сыған отбасының елден шығарылуына наразылық танытып тұр. Париж, 17 қазан 2013 жыл.

Оқушылар мен студенттер сыған отбасының елден шығарылуына наразылық танытып тұр. Париж, 17 қазан 2013 жыл.

Парижде 17 қазанда мыңдаған жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер мигрант отбасының елден шығарылуына қарсылық танытып, көшеге шықты.

Наразылық шеруі Леонардо Дибрани есімді 15 жастағы қыз баланың Косовоға депортациялануынан соң басталды. Жасөспірімді мектептен шығып бара жатқанда сыныптастарының көзінше ұстап әкеткен. Ресми орындардың мәлімдеуінше, билік этникалық сыған Дибранидің отбасына саяси баспана беруден бас тартқандықтан олардың Франция территориясында бұдан былай қалуына құқығы жоқ.

Дибранидің отбасы Францияға 2009 жылы заңсыз барғаны хабарланған. Содан бері олардың өздерін депортациялау туралы сот шешіміне қарсы берген бірде-бір шағымы қанағаттандырылмады.

Заңсыз миграцияны шектеуге тырысатын Францияда мұндай депортациялар жиі болып тұрады. Бірақ оқушылар мен студенттер балалардың депортациялануын заңсыз деп атап, сыған қызы мен оның отбасын қайтаруды талап етті.

Франция премьер-министрі Жан-Марк Айро "Леонардо Дибранидің құқығы бұзылғаны анықталса, оның отбасына Францияға қайтып келуге рұқсат етілетінін" айтты.
XS
SM
MD
LG