Accessibility links

Иракта жарылыстардан 60 адам мерт болды


Қауіпсіздік күштері бомба жарылысы болған жерді тексеріп жүр. Бағдад, 13 қазан 2013 жыл.

Ирак билігі бейсенбіде бірнеше жарылыс болып, 60-қа тарта адам қаза тапқанын хабарлады.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Бағдадтың шииттер басым тұратын ауданында тоғыз көлікке қойылған бомбалар жарылып, 40-тан астам адам қаза тапты.

Тағы бір жарылыс елдің солтүстігіндегі Мосул қаласы маңындағы шииттер тұратын ауданда болып, одан 15 адам өлген.

Биыл жыл басынан бері Иракта жарылыстар мен шабуылдардан 5 мыңнан астам адам опат болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG