Accessibility links

AI: Иран тұтқынды екінші рет дарға аспасын


Дар ағашы. (Көрнекі сурет).

Дар ағашы. (Көрнекі сурет).

Amnesty international (AI) ұйымы Иран билігінен өлім жазасына кесіліп, дарға асылса да аман қалған ирандықты екінші рет дарға аспауды талап етті.

37 жастағы тұтқын, Алиреза М. деп аталған ирандық өткен аптада елдің солтүстік-шығысындағы Боджнурд түрмесінде есірткіге қатысты қылмысы үшін дарға асылған еді. Дәрігерлер оны өлді дегенімен, мәйітханада тұтқынның тірі екені белгілі болып, ауруханаға жатқызылған. Иран билігі оны екінші рет дарға аспақ.

Amnesty International-дың Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша директоры Филипп Лютер тұтқынды екінші рет дарға асуды "қатыгездік" деп атап, ол оқиға "Иран сот жүйесінде адамгершіліктің жоқтығын көрсетеді" деді.

Ұйым дерегі бойынша, биыл Иранда 508 адам өлім жазасына тартылған.
XS
SM
MD
LG