Accessibility links

Астанада көлік апатынан 3 адам мерт болған


Жол апатына түскен жолаушылар көлігі. (Көрнекі сурет)

Жол апатына түскен жолаушылар көлігі. (Көрнекі сурет)

Жұма күні Астанада автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза болған деп хабарлады Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік апаты жергілікті уақытпен сағат 20:19 кезінде болған. 44-бағыттағы жолаушылар тасымалдайтын автобусқа соғылған соң жеңіл көлік жана бастаған. Өрт жарты сағаттай уақыттан соң біржолата сөндірілген.

Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі және сол көлікте келе жатқан ер адам мен әйел адам оқиға болған жерде көз жұмған. Автобуста болған бес жолаушыға дәрігерлік көмек көрсетілген соң олар өз жөндерімен кеткен.

Бұған дейін үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтыр елде жол-көлік апаттарының көбейіп кеткенін, былтыр 2145 адам қаза болса, биыл жыл басынан бері 2273 адам мерт болғанын айтып, көлік жүргізушілерінің жауапкершілігін күшейтуді тапсырған еді.
XS
SM
MD
LG