Accessibility links

АҚШ Манастағы базасын Румынияға әкетпек


«Манас» әуежайындағы транзиттік орталықта тұрған АҚШ сарбазы. Қырғызстан, 18 қазан 2013 жыл.

«Манас» әуежайындағы транзиттік орталықта тұрған АҚШ сарбазы. Қырғызстан, 18 қазан 2013 жыл.

АҚШ-тың Ауғанстаннан шығарылатын әскери жүгін Румыния арқылы өткізу туралы ресми Бухарестпен жасалған келісімге сәйкес, Қара теңіз жағалауындағы Михаил Когэлничану атындағы базаға жаңа транзиттік орталықты орналастыру жұмыстары басталды деп хабарлады Пентагон өкілі.

Ауғанстандағы НАТО күштеріне жүк тасымалдауда транзиттік орталық қызметін атқарып келе жатқан Қырғызстанның «Манас» әуежайында АҚШ әскери әуе күштерінің жүк тасымалдайтын бірнеше ұшағы бар. Онда бұған қоса 1 мыңға тарта америкалық әскери қызметкер орналасқан.

АҚШ Ауғанстандағы 50 мың адамдық әскер күшінің көбін келесі жылдың соңына дейін шығаруы тиіс.

«Манас» әуежайын пайдалану туралы Вашингтон мен Бішкек арасында жасалған келісімнің мерзімі 2014 жылы шілдеде аяқталады. Оған дейін АҚШ Манастағы транзиттік орталығын Румыниядағы базаға көшіріп алуды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 2014 жылы Ауғанстаннан НАТО әскері шығарылғаннан соң «Манаста» әскери нысан болмайтыны туралы бірнеше рет айтқан еді.
XS
SM
MD
LG