Accessibility links

Ильхам Әлиев президент міндетіне үшінші рет кірісті


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев сайлау учаскесінде дауыс бергелі тұр. Баку, 9 қазан 2013 жыл.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев сайлау учаскесінде дауыс бергелі тұр. Баку, 9 қазан 2013 жыл.

Сенбі күні Әзербайжанның конституциялық соты 9 қазанда өткен президент сайлауының ресми нәтижесін бекітті. Ильхам Әлиев елдің жаңадан сайланған президенті болып ресми түрде жарияланды.

Әзербайжан орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметі бойынша, 9 қазанда өткен сайлауда Ильхам Әлиев дауыс берген сайлаушылардың 84,54 пайызының қолдауына ие болған. Оның негізгі бәсекелесі Жамиль Гасанлы – 5,5 пайыз дауыс жинаған деп хабарланды.

Биыл өткен президент сайлауын «демократия салтанаты» деп мәлімдеген Ильхам Әлиев осымен үшінші мерзімге Әзербайжан президенті болып сайланды.

Бірақ Гасанлы мен оның қолдайтын оппозиция президенттік сайлаудың ресми нәтижесін мойындамайды. Олар «сайлауды өрескел бұрмалады» деп билікті айыптап, қайта сайлау өткізу туралы талаптар қойған.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) бақылаушылары «дауыс беру процесі кезінде кемшіліктер мен бірқатар мәселелер ұдайы байқалғанын» айтты. АҚШ үкіметі ЕҚЫҰ бағасына қолдау білдірді. Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы сөз бостандығына қатысты кейбір мәселелер болғанына қарамастан сайлау ашық, әрі демократиялық түрде өтті деп баға берген.
XS
SM
MD
LG