Accessibility links

Люксембургте парламент сайлауы өтіп жатыр


Люксембургтің бұрынғы премьер-министрі Жан-Клода Юнкер. Брюссель, 13 желтоқсан 2012 жыл.

Люксембургтің бұрынғы премьер-министрі Жан-Клода Юнкер. Брюссель, 13 желтоқсан 2012 жыл.

20 қазанда Люксембургте кезектен тыс парламент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау өткізуге елдің арнайы қызметтерінің жұмысындағы заңсыздықтар себеп болды.

Маусым айында SREL барлау қызметінің жұмысын тексерген парламенттік комиссия есебін жариялаған еді. Онда арнайы қызметтің жоғары лауазымды шенеуніктердің сөздерін тыңдағаны, заңсыз келісім-шарттарға қатысы бар екені айтылған.

Бұл даудан соң үкіметтегі коалиция тарап, билікте 18 жыл отырған премьер-министр Жан-Клода Юнкер қызметінен кетті. Өйткені премьер арнайы органдардың да жұмысын басқарып келген.

58 жастағы Жан-Клод Юнкер 2005 жылдан бері Еуропа Одағының қаржылық секторын да басқарып келе жатқан еді.
XS
SM
MD
LG