Accessibility links

Сирияда тұтқында болған ливандықтар босады


Сириядан еліне оралған ливандық тұтқынның бірі туыстарымен қауышып жатыр. Бейрут, 19 қазан 2013 жыл.
Сириядан еліне оралған ливандық тұтқынның бірі туыстарымен қауышып жатыр. Бейрут, 19 қазан 2013 жыл.
Ливандық тоғыз шиит 19 қазан күні кешке Бейрут әуежайына ұшақпен келіп түсті. Олар сириялық көтерілісшілердің қолында 17 ай тұтқында болған еді.

BBC хабарлауы бойынша олар тұтқындарды айырбастаудың күрделі жүйесі бойынша босатылған. Ливандықтар Түркия авиакомпаниясының пилоттарына айырбасталған. Яғни, келіссөздер нәтижесінде Ливанда тұтқындалған түрік ұшқыштары Түркияға қайтарылып, Сирияда көтерілісшілер қолында тұтқында отырған ливандықтар еліне жіберілген. Түркия ұшқыштары елдеріне сенбі күні оралды.

Ливан мемлекеттік ақпарат құралдары 2012 жылы Сирия аумағы арқылы Иранға бара жатқан тоғыз ливандық шииттің тұтқындалғанын хабарлаған еді. Олар Иран жеріндегі шииттердің қасиетті орындарына зиярат кетуге бара жатқан.

Сирия көтерілісшілері ливандықтарды «Сирия президенті Башар Асадты қолдайтын «Хезболла» ұйымына қатысы бар» деп айыптаған еді.
XS
SM
MD
LG