Accessibility links

АҚШ Пәкістанға 1,6 миллиард доллар бөлмек


Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф.
Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф.
АҚШ Пәкістанға 1 миллиард 600 миллион доллар көлемінде көмек бөлетінін хабарлады. Бұл қаражат Исламабадқа әскери және экономикалық жәрдем ретінде беріледі.

АҚШ-тың Пәкістанға беретін қаржылай көмегі 2011 жылы мамыр айында америка әскері Пәкістан аумағына кіріп, "Әл-Қаида" жетекшісі Усама бен Ладеннің көзін жойғаннан кейін тоқтап қалған еді. Пәкістан АҚШ-ты территориясына рұқсатсыз кірді деп айыптаған еді.

20 қазан күні Пәкістан премьер-министрі Наваз Шарифтің АҚШ-қа ресми сапары басталады.

Ақпараттар бойынша ол бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездеспек. Сәрсенбі күні Шариф Ақ үйде АҚШ президенті Барак Обамамен келіссөздер жүргізеді. Бұл келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі Пәкістанның Ауғанстандағы тұрақтылықты нығайтуға көмектесуі болмақ.

Наваз Шариф Ақ үйде АҚШ-тың Пәкістан аумағындағы содырларға қарсы ұшқышсыз аппараттармен әскери операция жүргізуін де талқыламақ.
XS
SM
MD
LG