Accessibility links

Үндістан премьері Ресейге келмек


Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх. Нью-Йорк, 29 қыркүйек 2013 жыл.

Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх. Нью-Йорк, 29 қыркүйек 2013 жыл.

20 қазанда Үндістан премьер-министрі Ресейде өтетін Ресей-Үндістан саммитіне келмек. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл саммит осымен 14-рет өткелі отыр. Бұл - Манмохан Сингхтің премьер-министр қызметінен кетер алдындағы соңғы ресми сапарларының бірі.

Оның дүйсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетіні хабарланды. Келіссөздер негізінен екі ел арасындағы сауда қатынастарын дамыту мәселелерін қозғайды. Соның ішінде Ресейдің Үндістанға қару мен әскери техника сату мәселелері де талқыланбақ. Одан бөлек, Үндістандағы Куданкулам атом электр станциясының үшінші және төртінші кезеңін салу туралы да келісімдер жасалмақ.

Екі тарап 2014 жылы халықаралық әскер Ауғанстаннан шығарылғанан кейінгі әрекеттерін келіспек.
XS
SM
MD
LG