Accessibility links

Румынияда шерушілер Молдовамен қосылуға шақырды


Еуропа Одағы күні құрметіне Румыния парламенті алдында жайылған Еуропа Одағының туы. Бухарест, 9 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Еуропа Одағы күні құрметіне Румыния парламенті алдында жайылған Еуропа Одағының туы. Бухарест, 9 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Бухаресте жексенбіде мыңдаған адам Румынияның Молдовамен қосылуын талап етіп шеруге шықты. Тұрғындар Ресейге қарсы ұрандар ұстап, румын үкіметін Молдовамен бірігуді басты міндет деп тануға шақырды.

Шеруді ұйымдастырушылар Молдовамен бірігуді қолдайтын 100 мың адамның қолын жинағандарын айтады.

Қазіргі Молдованың көп бөлігі екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Румынияның жері болып, кейін СССР оны өз құрамына кіргізген.

Молдова мен Ресей саясаткерлері Бухаресті "бұрынғы провинциясын қосып алуға тырысады" деп айыптайды. Бірақ Румыния Молдованың тек Еуропа Одағына қосылуына ықпал еткісі келетінін айтады.

Румыния 2007 жылы Еуропа Одағына мүше болған. Молдова Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісім жасауға мүдделі.
XS
SM
MD
LG