Accessibility links

Ауған әскерінің командирі Талибан жағына шыққан


Ауғанстан картасы. Көрнекі сурет.

Ауғанстан картасы. Көрнекі сурет.

Ауғанстанның арнайы мақсаттағы әскер бөлімдерінің бірінің командирі Монсиф Ханның Талибан жағына өтіп кеткені туралы хабар тарады.

Монсиф Хан Кунар уәлаятының астанасы Асадабадтағы 20 адамнан тұратын арнайы жасақта қызмет еткен. Уәлаят губернаторы Шуя ул-Мулх Джала Монсиф Ханның Талибан жағында соғысатын "Хеб-е-Ислами" тобы құрамына кіріп кеткенін мәлімдеді.

Уәлаят губернаторының айтуынша, Монсиф Хан өзімен бірге 30 автомат пен бірнеше қару-жарақ және америкалық әскери техниканы алып кеткен.

Жергілікті билік бұрынғы командирді іздестіріп жатыр.
XS
SM
MD
LG