Accessibility links

Құрлықтағы әскер қолбасшысы АҚШ атташесімен кездесті


Қазақстан мен АҚШ сарбаздары бірлескен жаттығулар кезінде. Іле әскери полигоны, 16 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан мен АҚШ сарбаздары бірлескен жаттығулар кезінде. Іле әскери полигоны, 16 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Астанада Қазақстан қарулы күштерінің құрлықтағы әскерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев АҚШ-тың Қазақстандағы әскери атташесі полковник Эндрю Берриермен кездесті.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, екі елдің өкілдері Қазақстан мен АҚШ-тың құрлықтағы әскерінің әскери-техникалық ынтымақтастық және әскери білім саласындағы байланыстарын ары қарай да дамыта беруді талқылаған.

Мұрат Майкеев пен Эндрю Берриер бұған қоса Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті сақтау мәселелерін де қарастырған.
XS
SM
MD
LG