Accessibility links

Франция АҚШ елшісін тыңшылыққа бола шақыртты


Францияның Le Monde басылымы, 5 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Францияның Le Monde басылымы, 5 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Франция сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың осы елдегі елшісін "АҚШ Франция азаматтарына тыңшылық жасаған" деген ақпараттан соң жауап беруге шақыртты.

Француздың Le monde басылымы бүгінгі санында АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі (ҰҚА) Франциядағы 70 миллионнан астам телефон әңгімесін жазып алғаны туралы мақала басқан еді. Басылым АҚШ ҰҚА-нің бұрынғы агенті Эдвард Сноуденнен алған ақпараттарға сүйеніп, 2012 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың қаңтарына дейін арнайы бағдарлама арқылы Франциядағы белгілі бір телефон әңгімелері мен хабарламаларын жазып алғанын айтады.

Француз басылымы "тек күдікті терроршылар ғана емес, ірі бизнесмендер мен саясаткерлердің телефондары да тыңдалуы мүмкін" дейді.

Германияның Der Speigel апталығы да бұған дейін АҚШ агенттері Мексика президенті Фелипе Кальдеронның электронды поштасын бұзып кіргені туралы хабарлаған еді. Мексика бұған қатысты АҚШ-тан түсінік беруді талап еткен.
XS
SM
MD
LG