Accessibility links

Әзербайжан Кеден Одағына кірмейтінін айтты


Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Араз Азимов.
Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Араз Азимов.
Әзербайжан Ресей бастаған Кеден Одағына (КО) кіруге ниетті емес екенін жариялады.

Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Араз Азимов 21 қазан күні Бакуде журналистерге: "Біржақты құрылымға кіру Әзербайжанға ешқандай пайда әкелмейді" деп мәлімдеді.

Өткен айда Әзербайжанның көрші, бұл елмен территориялық дауы бар Армения Кеден Одағына кіру жоспары барын хабарлаған еді.

Кеден Одағына Ресей, Қазақстан және Беларусь мүше. Пост-советтік мемлекеттерді Кеден Одағына кіруге итермелейтін Кремль бұл бірлестіктің 2015 жылға қарай Еуразия экономикалық одағына айналатынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG