Accessibility links

Пастор Қашқымбаев қамауда қалды


Пастор Бақытжан Қашқымбаев қайта қамалар алдында изолятордан шығып келе жатыр. Астана, 8 қазан 2013 жыл.
Пастор Бақытжан Қашқымбаев қайта қамалар алдында изолятордан шығып келе жатыр. Астана, 8 қазан 2013 жыл.
21 қазан күні Астана қаласы соты «Благодать» пресвитериан шіркеуінің пасторы Бақытжан Қашқымбаевтың адвокаты Нұрлан Бейсекеевтің шағымын орындаудан бас тартты.

Адвокат 67 жастағы пастор денсаулық жағдайына байланысты тергеу изоляторында отырмауға, үйқамаққа шығуға хақы бар екенін айтқан еді.

Қылмыстық айыппен қамалған Бақытжан Қашқымбаев 8 қазанда тергеу изоляторынан үйқамаққа шыға бере қайта қамалған. Оған "экстремизмді насихаттады" деген жаңа айып тағылған.

Бұдан бұрын халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігін Бақытжан Қашқымбаевты тезірек босатуға, оған тағылған "саяси мәні бар айыпты" алып тастауға шақырған.
XS
SM
MD
LG