Accessibility links

"Коммерсант" газетінің жазуынша, Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) интернетке бақылауды күшейтпек. Басылым Ресей байланыс министрлігі барлық интернет провайдерлеріне 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін серверлеріне соңғы пайдаланылған 12 сағаттың онлайн трафигі туралы ақпаратты сақтайтын арнайы құрылғы орнатуды міндеттейтін құжаттың жобасын даярлағанын айтады. Бұл құжат бойынша ФСБ ол ақпараттарды керегінше пайдалана алмақ.

Басылым "Вымпелком" компаниясының Ресей байланыс министрлігіне аталған міндеттемені сынап жазған хатын да келтіреді. Онда құжат жобасының Ресей конституциясы мен заңдарына қайшы екені және азаматтардың жеке өміріне қол сұғу болатыны айтылған.

Индустрия министрлігі мен "Ростелеком" компаниясындағы дереккөздері басылымға "құжат таяу арада қабылданып, 2013 жылдың соңына қарай күшіне енетінін" айтқан.
XS
SM
MD
LG