Accessibility links

ФСК: Волгоградтағы жарылысты әйел жасаған


Ресейдің федералдық тергеу комитетінің (ФСК) өкілі Владимир Маркиннің айтуынша, Волгоградта автобуста болған жарылысты жанкешті әйел жасаған. Ол әйел қазір Дағыстанда жүрген белгілі исламшыл содырдың әйелі деген болжам бар.

Волгоградта 21 қазанда күндіз қалалық автобустардың бірінде болған жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 33 адам жараланған еді. Автобуста барлығы 40-қа тарта адам болған.

Жарылысқа қатысты "терроризм" айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнынан бомба сынықтары табылған. Бірақ сарапшылар оның қуатын анықтауы үшін біраз уақыт қажет.

Әзірге жарылысты ешкім мойнына алған жоқ.

Қала жарылыстан қаза тапқан адамдарды үш күн аза тұтпақ.
XS
SM
MD
LG