Accessibility links

АҚШ-та мектептегі атыстан екі адам қаза тапты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
АҚШ-тың батысындағы Невада штатындағы 90 мың тұрғыны бар Спаркс қаласында мектеп оқушысы мұғалімін атып өлтіріп, екі оқушыны жаралаған. Оқ атқан оқушының өзі оқиға кезінде қаза тапқан. Бірақ оның қалай мерт болғаны әзірге белгісіз. Жергілікті биліктің хабарлауынша, полиция қару қолданбаған.

Қаза тапқан мұғалім - математика пәнінің 45 жастағы оқытушысы Майкл Ландсбери деп хабарланды. Ол оқушыларды қорғауға ұмтылғанда қаза тапқан деген мәлімет бар.

АҚШ-та бұған дейін де мектептерде атыс болған еді. Былтыр желтоқсанда Коннектикут штатында Sandy Hook бастауыш мектебіндегі атыс салдарынан 26 оқушы қаза болған.
XS
SM
MD
LG