Accessibility links

Іле Алатау паркі әлі өртеніп жатыр


Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кіре берісі. Алматы, 15 Маусым 2011 жыл.

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кіре берісі. Алматы, 15 Маусым 2011 жыл.

Алматы маңындағы Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде басталған өрт әлі сөндірілген жоқ деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша, аумағы 7 гектар алқап жанып жатыр.

Парктің Алма-Арасан шатқалында өрт 18 қазан күні кешке басталған еді. Бұған дейін өрт сөндіру кезінде мемлекеттік инспектор басына тас тиіп, алған жарақатынан ауруханада қайтыс болған.

Өртті сөндіруге 100-ден астам адам мен 9 техника, 4 тікұшақ қатысып жатыр деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG