Accessibility links

Ресей премьері Қытайға барды


Қытай премьер-министрі Ли Кэцян (сол жақта) мен Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев. Пекин, 22 қазан 2013 жыл.

Қытай премьер-министрі Ли Кэцян (сол жақта) мен Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев. Пекин, 22 қазан 2013 жыл.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Қытай мен Ресей үкімет басшыларының тұрақты өтетін 18-кездесуіне қатысуға Пекинге барды. Медведевті Қытай премьері Ли Кэцян күтіп алды.

Қос премьер сауда-экономикалық және гуманитарлық салада бірқатар келісімдерге қол қоймақ. Ресей делегациясы өкілінің айтуынша, екі елдің үкімет жетекшілері халықаралық мәселелерді де, оның ішінде Сирия мәселесі, Иранның ядролық бағдарламасы, Ауғанстан мен Корей түбегіндегі проблемаларды да талқыламақ.

Дмитрий Медведев бүгін Қытай президенті Си Цзиньпинмен де кездеспек.
XS
SM
MD
LG