Accessibility links

Әкім: "Бесоба" тұрғындары жаңа пәтер алады


«Бесоба» тұрғын үй кешеніндегі үйлер. Қарағанды, 3 қазан 2012 жыл.
«Бесоба» тұрғын үй кешеніндегі үйлер. Қарағанды, 3 қазан 2012 жыл.
Қарағандыдағы өткен жылы құлаған "Бесоба" көп қабатты үй кешенінің тұрғындары жаңа пәтерлерге көшірілмек деп хабарлайды Tengrinews агенттігі.

Үкімет отырысында премьер-министр Серік Ахметовтің сұрағына жауап берген Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев "Бесоба" кешенінің уақытша басқа шағын ауданға қоныстандырылған тұрғындарына жыл соңына дейін 97 пәтер берілетінін айтқан. Өзге отбасылар 2014 жылы жаңа пәтерге кірмек.

2012 жылы сәуірдің 6-сы күні Қарағанды қаласында сегіз подъезі бар бір үйдің жартысы – төрт подъезі түгелдей құлап қалған еді. Бұдан соң кешеннің басқа да үйлері апатты жағдайда деп танылып, олардың орнына жаңадан үйлер тұрғызуға шешім қабылданған. Құлаған үй тұрғындарына басқа пәтерлер берілді. Апатты жағдайдағы басқа үйлер тұрғындарына уақытша баспана берілген.

"Бесоба" кешенінің үйлері үлескерлердің ақшасына салынып, 2009 жылы пайдалануға берілген.
XS
SM
MD
LG