Accessibility links

ҰҚК мен СІМ "жиһадшылар видеосы" жайлы айтты


Сирияға жиһадқа барған қазақтар екенін мәлімдеп отырған адамдар. (YouTube видеосынан скриншот)

Сирияға жиһадқа барған қазақтар екенін мәлімдеп отырған адамдар. (YouTube видеосынан скриншот)

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков "Сирияға жиһадқа барған 150 қазақстандық" туралы видеоны "әлдекімдердің үгіті" деп атады.

"Ол жақта әр өңірлерден кеткен қазақстандықтар бар" екенін айтқан ҰҚК өкілі видео жазбаны "үгіттеу мақсатында жасалған, әрі оны біздің азаматтар жасамаған" деп сипаттады. Нұрғали Білісбеков "ҰҚК азаматтарды ол жақтан қайтаруға, шетелге мұндай мақсатпен кетушілерді бөгеуге әрекет етіп жатқанын" айтты.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) де бұл видеоға байланысты мәлімдеме таратып, онда көрсетілген адамдар "Қазақстан азаматтары екенін растайтын не жоққа шығаратын мәлімет министрлікте жоқ" екенін айты.

Министрлік "бұл азаматтар Сирияға ол елдің визасын алмай, Қазақстанмен арада визасыз жүру келісімі бар Түркиядағы босқындар лагері арқылы өткен болуы мүмкін" деп болжайды.

Арабша субтитрлер жазылған, қазақ және орыс тіліндегі шағын сұхбаттардан тұратын видео өткен аптада қазақстандық әлеуметтік желі қолданушыларының назарына ілініп, қызу талқылауға түрткі болды. Видеодағы адамдар өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін хижра қылғандар (қоныс аударғандар - ред.)» деп сипаттайды.
XS
SM
MD
LG