Accessibility links

AI Чехиядан Параскевичті экстрадицияламауды сұрады


Татьяна Параскевич.

Татьяна Параскевич.

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Чехия билігін Интерполдың сұрауы бойынша ұсталған Татьяна Параскевичті Украина мен Ресейге экстрадицияламаға шақырды.

18 ай бойы Чехияда қамауда болған 49 жастағы Татьяна Параскевич қазақстандық бұрынғы банкир, оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовпен байланысты қаржылық қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен ұсталған еді. Ресей мен Украина Чехиядан оны қайтаруды сұраған.

Amnesty International "егер Параскевич Ресейге немесе Украинаға экстрадицияланса, ол одан ары Қазақстанға тапсырылып, азаптауға душар болуы мүмкін" дейді.

Чехия билігі Параскевичке саяси баспана беру мәселесіне қатысты әзірге шешім қабылдаған жоқ. Саяси баспана берілсе, ол басқа елге қайтарылмайды.

Биыл Еуропа елдерінде Мұхтар Әблязов пен оның бірнеше серігі қамауға алынды. Сыншылар Әблязовтың ісінде саяси астар бар деп санайды.
XS
SM
MD
LG