Accessibility links

Сот кәсіпкер Меңдіғазиевке үкім шығарды


Бөрілі аудандық соты кәсіпкер Барлық Меңдіғазиевті (оң жақта) қамауда ұстау туралы шешім шығарды. 22 шілде 2013 жыл. (Видеодан скриншот)
Бөрілі аудандық соты кәсіпкер Барлық Меңдіғазиевті (оң жақта) қамауда ұстау туралы шешім шығарды. 22 шілде 2013 жыл. (Видеодан скриншот)
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласындағы Бөрілі аудандық соты "салық төлеуден жалтарды" деп айыпталған кәсіпкер Барлық Меңдіғазиевке қатысты шешім шығарды деп хабарлайды жергілікті "Уральская неделья" басылымы.

Судья KSS Building кәсіпорынының басшысы Барлық Меңдіғазиевке 500 айлық есептік көрсеткіш (бір айлық есептік көрсеткіш - 1731 теңге) көлемінде айыппұл салып, бір жыл кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айырған.

Барлық Меңдіғазиев сот шешімімен келсіпей, оған шағым түсіретінін айтады. Адвокатының сөзінше, ол кәсіпкердің толық ақталып шығуына күш салмақ.

250 жұмысшысы бар KSS building кәсіпорнының басшысы Барлық Меңдіғазиевке "ірі көлемде салықтан жалтарды" деген айып тағылған еді. Бұған дейін ешқайда кетпейтіні туралы қолхат берген кәсіпкер шілденің 12-сі күні Алматыға барғаны, яғни Ақсай қаласы аумағынан шығып кеткені үшін 22 шілдеде Бөрілі аудандық сотының шешімімен қамауға алынған.

Барлық Меңдіғазиев өзінің тексеріске түсуіне "облыс әкімімен арада туған жанжал және экология туралы мәлімдемелері әсер еткенін" айтқан. Кәсіпкер шілденің 12-сі күні Алматыда баспасөз жиынын өткізіп, "өзіне қарсы қозғалып жатқан қылмыстық істің тасасында Батыс Қазақстан облысы әкімі Нұрлан Ноғаев тұр" деп мәлімдеген еді. Бірақ әкімдік оның бұл сөздерін жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG